Петропавлда «Ботай» арт-галереясы ашылды. Енді ол – аймақтың туристік бағыттарының біріне айналады. Галереяның атауы ұлттық киелі орындар тізіміне енген «Ботай қонысы» археологиялық орнымен байланысты. Бұл жерде алғаш рет адамдардың жылқыны қолға үйреткені ғылыми дәлелденді. Ескерткіш біздің дәуірімізге дейінгі IV-III мыңжылдыққа, энеолит дәуіріне жатады. Келушілер қазақстандық суретшілердің, сондай-ақ қазіргі заманғы қылқалам шеберлерінің, мүсіншілердің, қолөнершілердің туындыларымен таныса алады. Алдағы уақытта әлемге танымал шетелдік суретшілердің картиналарын да халық назарына ұсыну жоспарланып отыр.
Сембіғали Смағұлов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:
– Осындай көрме залдары мына суретшілер үшін үлкен өріс. Бұл қаланың өзінің муниципалдық көрме залы болуы – үлкен жетістік. Осы жерге суретшілер, халық келеді, танысады. Сондықтан өзімнің ризашылығымды білдіріп отырмын.