Жаңа Конституция – ұзақ мерзімді дамудың берік негізі. Бұл жөнінде Сенат төрағасы Шығыс Қазақстан өңірінде өткен жиында айтты. Мәулен Әшімбаев Өскеменде мәслихат депутаттарымен, жергілікті жұртшылықпен, этномәдени бірлестіктер өкілдерімен, белсенді жастармен сондай-ақ еңбек ұжымдарымен жүздесті. Кездесуде жаңа Ата заң жобасының ережелері түсіндіріліп, кеңінен талқыланды. Жоғары Палата спикері конституциялық реформа – айрықша маңызға ие тарихи оқиға және демократияны нығайту жолындағы нақты қадам екенін атап өтті. Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев Шығыс Қазақстан өңірінің өндірістік және ғылыми әлеуетіне ерекше назар аударып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы сын-қатерлерге тоқталды. Аймақ үшін жаңа құжаттағы экологиялық ережелердің маңызы зор. Алғаш рет табиғатқа қамқорлық таныту мемлекеттің іргелі құндылықтарының бірі ретінде бекітілді. Орнықты даму, экологиялық қауіпсіздік және келер ұрпаққа қамқорлық жасау – Қазақстанның стратегиялық таңдауы.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Қазір жүргізіліп жатқан Конституциялық реформа – сол
іргелі жаңғыртарулардың заңды әрі дәйекті жалғасы. Жаңа Конституцияның
жобасында заң мен тәртіп қағидатына, азаматтардың мүдделері мен құқықтарын
қорғауға және орнықты даму бағдарына баса мәң беріліп отыр. Бұл Қазақстанның
ұзақ мерзімді дамуының жаңарған құқықтық негізін қалыптастыратын тарихи құжат.
Ол Әділетті Қазақстанның жаңа Коснтитуциялық моделіннің негізін қалайды.

