ШОБ – Алматының экономикалық өсімінің негізгі драйвері

ШОБ – Алматының экономикалық өсімінің негізгі драйвері

Алматы қаласының экономикалық өсім деңгейі 13% жетті. Бұл көрсеткіш қайта өңдеу өнеркәсібінің арқасында мүмкін болды. Саланы дамытып, одан арғы көмек көрсету мақсатында мегаполисте 18 шағын өнеркәсіп паркінің құрылысы жүріп жатыр. Оған салынған инвестиция көлемі 10 млрд теңгеден асты. Айта кетсек, қаланың экономикалық өсімінің негізгі драйвері – шағын және орта бизнес. Оның үлесі 60% құрады. Сондықтан ікерлік топты қолдау – қалалық әкімдіктің басты бағыттарының бірі. 2023 жылы саланы субсидиялап, кепілдендіріп және несие беру мақсатында бюджеттен 51 млрд теңге қаражат бөлінген. Осының арқасында 1700 астам жобаға қолдау көрсетілді. Алматы қаласының экономикасын диверсификациялауда туристік индустрияға да баса назар аударылуда.

Ерболат Досаев, Алматы қаласының әкімі:
-
2023 жылдың 9 айында 1,5 млн турист келіп, көрсеткіш 17,4% өсті. Оның ішінде шетелдік туристердің 1,5 есе өскенін байқауға болады. Жыл соңына дейін келген қонақтардың саны 2 млнға жетеді деп күтіп отырмыз. Мемлекет басшысының Алматы қаласының туристік әлеуетін арттыру бойынша берген тапсырмасына сәйкес, Түрген мен қаскелең арасындағы тау кластерін дамыту жоспарын бекіттік. Бас жоспарды келесі аптада таныстырамыз. Туристер көп қызығушылық танытатын 6 локацияны байланыстыруға ниеттіміз. Олар, Қаскелең мен Түрген шатқалдары, Үлкен Алматы көлі, Медеу мен Шымбұлақ, Талғар-Есік және Ақ-Бұлақ.