Қ.Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының әкімін қабылдады

Қ.Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының әкімін қабылдады

Мемлекет басшысына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. 2025 жылдың қорытындысына сәйкес облыста оң динамика байқалады. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 838 миллиард теңгеден асты. Инвестициялық портфельде 100-ден астам жоба бар. 400 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Шығыс Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғыртуға баса мән беріледі. Былтыр ұзындығы 856 шақырым жолдарда  жөндеу жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, өткен жылы 29 мың адам еңбекпен қамтылды. Жұмыспен қамтудың өңірлік картасы аясында биыл тағы 18 мыңға тарта жұмыс орнын ашу жоспарланған. Кездесу соңында Мемлекет басшысы экологиялық ахуалды жақсарту, экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту және өңірдегі туризмді дамыту жұмыстарын жалғастыру бойынша бірқатар тапсырма берді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?