Қазақстан
Қытай Халық республикасына астық экспортын жылына 1 млн тоннаға дейін
жеткізуге ниетті. Ауыл
шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, өткен жылы егін соңғы 10 жылдықтағы рекордтық көлемде жиналған, атап
айтқанда 22 млн
тонна дәнді және бұршақты дақылдар, оның ішінде 16,5 млн тоннаға жуығы бидай.
Айта кетейік, Қазақстан астық өндіру бойынша көшбасшы орында
келеді. Жыл сайын
еліміз 40-тан астам елдің нарығына 8 миллион тоннаға жуық астық экспорттайды.
Сонымен қатар
соңғы
жылдары республика әлемдік ұн экспорты бойынша жетекші орынға шықты.
Еліміз жылына 2,5
миллион тоннаға дейін ұн жөнелтеді.