Есесіне қолға алынған реформалар қарқынды жүзеге асырылады.
Мұның бәрі өскелең ұрпақтың бойындағы патриотизм рухын дамытуға сеп болмақ.
«Биыл қасиетті Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өтеміз. Осыған орай, қолға алынған реформаларды қарқынды түрде жүзеге асыруымыз керек. Мерейтой кезінде артық даңғаза мен ысырапшылдыққа жол берілмейді.
Біз осы шаралар арқылы бірлік пен келісімді нығайтып, өскелең ұрпақтың бойындағы патриотизм рухын дамытуға тиіспіз. Оларды егемендігіміздің және мемлекеттілігіміздің құндылықтарын бағалай білуге үйретуіміз қажет», – деді Тоқаев.