Референдумда алты ұйым қоғамдық пікірге сауалнама жүргізеді

Атом электр станциясының құрылысы бойынша референдум күні бірден алты ұйым қоғамдық пікірге сауалнама жүргізетін болады. Еске салайық, шара 6 қазанда өтеді. Бейінді мекеменің хабарлауынша, бұл тізім әлі де толығуы мүмкін. Орталық референдум комиссиясының дерегіне сүйнесек, сауалнамаларды дауыс беруден кейін және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заң нормаларына сәйкес өткізуге болады. Референдум ережелерін бұзғандарға тиісті жаза қарастырылған.