Бакуда Қазақстан-Әзербайжан сараптамалық кеңесінің отырысы өтті

Бакуда Қазақстан-Әзербайжан сараптамалық кеңесінің отырысы өтті

Өткен жылы Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы  тауарайналым көлемі 533 млн долларға жетті. Бұл көрсеткіш соңғы 5 жылда 5 есе өскен. Екі мемлекетте де әлеует жоғары. Демек, нәтижені еселеу қажет. Бұл туралы Қазақстан-Әзербайжан сараптамалық кеңесінің IV отырысында айтылды. Саясаттанушылар, сарапшылар, дипломаттар мен экономистер қарым-қатынастың қарқын алғанын айтты. Тараптар қазір аймақ үшін маңызды «Орта дәліз», жасыл бастамалар секілді жобаларды жүзеге асыруға атсалысуда. Сонымен қатар, COP29 шеңберінде қос мемлекет жасыл энергияны тасымалдау үшін суасты кабелін төсеу бойынша Өзбекстанмен бірлесіп келісім шартқа қол қойды. Қазақстан биыл Әзербайжанға ең көп көлемде бидай жеткізді. Біздің ел бұл нарыққа шикізат емес тауарлардың 130 түрін экспорттауға дайын. Оның құны 340 млн доллардан асады. Тараптар халықаралық ұйымдар мен түрік интеграциясы аясында да ынтымақтастық орнатқан.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?