Қазақстанда Конституциялық сотқа жүгінген халықтың әлеуметтік осал тобы мемлекеттік баждан босатылады. Сенат салық кодексіне қазақстандықтардың салықтық жүктемесін жеңілдетуге қатысты өзгерістерді қабылдады. Құжатта
отандық тауар өндірушілерді ынталандыруға бағытталған толықтырулар да бар. Мәселен, бұдан былай балық аулау кәсіпорындары өнімді өңдеу кезінде қосылған құн салығын 70%-ға аз төлейді. Бұған дейін мұндай жеңілдік балық өсіруші қожалықтарға қолданылған. Тазартылған алтынды зергерлерге сату және шикі қант экспорты салықтың бұл түрінен мүлдем босатылмақ. Ал қант өндірушілерінің бұл жеңілдік мерзімін ұзарту көзделген. Көлік жүйесін одан әрі дамыту жағы да елеусіз қалмады.
Әлібек Қуантыров, ҚР ұлттық экономика министрі:
Темір жол көлігі саласында нөлдік тарифті қолдана отырып, жолаушылар тасымалдаушыларына магистральдік темір жол желісі қызметтерін көрсету кезінде сатып алу мәселелерін реттеу көзделген. Азаматтық авиациялар саласында сертификаттар бергені үшін алымдарды алып тастау бойынша нормалар енгізіледі. Өйткені қызметтерді өзін қаржыландыратын ұйым көрсетеді. Сондай-ақ транзиттік әуе кемелеріне ставканы жанармай құю кезінде қосылған құн салығының нөлдік ставканы қолдануды кеңейту ұсынылады. Қазір жеңілдікті тек әуежайлар қолдана алады.