Қазақстандық ғалымдар қартаюмен күресетін жаңа препарат әзірлеп шығарды. Дәрі жүзімнен алынған органикалық қосылыстарға яғни полифенолдарға негізделген. Ғалымдар олардың ағзаға әсерін шамамен 10 жыл бойы зерттеген. Нәтижесінде жүзімнің құрамындағы полифенолдар табиғи өзгерістерді тежейді деген тұжырымға келді. Органикалық қосылыстың сүйектің сынғыштығы, салмақ жинау мен жоғары қан қысымымен күресте тиімді екені анықталды.
Александр Гуляев, «Өмір туралы ғылым орталығының» жетекші ғылыми қызметкері:
- Біз жүзімнің әртүрлі сорттарын сынап көрдік. Содан кейін қажет полифенолдардың мөлшері бар екі сорт таңдалды. Бұл – отандық селекцияның саперави және каберне-совиньон сорттары. Олар – еліміздің оңтүстігіндегі көпжылдық қазақстандық селекция.
Ғалымдар атап өткендей, препараттың құрамдас бөліктеріне аллергия, бауырдың немесе ұйқы безінің жедел қабыну аурулары болмаса, өнім бәріне жарамды. Сондай-ақ жүкті немесе бала емізетін аналарға ішуге болмайды.
Шыңғыс Серғазы, «National Laboratory Astana» орталығының аға ғылыми қызметкері:
- Препаратты 20-25 жастан қабылдауға болады. Адамның ағзасы антиоксиданттарды сіңіруге мүмкіндік бермеген кезде және олардың тепе-теңдігін қалыпқа келтіру қажет болғанда ішуге кеңе береміз. Сондай-ақ адам аскөкті аз мөлшерде қолданса, өнімді тағамға биологиялық белсенді қоспа ретінде де қолдануға болады.
«Жүзім» эликсирі Жезқазғандағы зауытта шығарылады. Жақын арада отандық өнім медицина орталықтарына жеткізіледі. Ал болашақта полифенолдарды косметологияға енгізу де жоспарда бар. Отандық ғалымдардың жобасына Ресей мен Қырғызстан тарапынан қызығушылық бар.