Түлектерге арналған тағы бір мүмкіндік. Елімізде тамыз айында өтетін Ұлттық біріңғай тестілеуге қатысу үшін өтініш қабылдау басталды. Бұған ниеттілер қажетті құжаттарды шілде айының 25 мен 30 аралығында тапсырып үлгеруі қажет. Үміткерлер кезекті сынаққа тіркелу кезінде емтихан өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды. Бұл үрдіс Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жүргізіледі. Тестілеудің өзі электронды түрде 10 - 13 тамыз аралығында өтеді. Оған биылғы және өткен жылдардың мектеп және колледж түлектері мен шетелдік мектепте білім алғандар қатыса алады. Талапкерлер бұл жолы бейіндік пәндерді өзгерте алатындығын айта кеткен жөн. Оқуға түсу үшін шектік деңгей және әр пәннен кемінде 5 балл жинау қажет. Сынақтан сүрінбесе, оқуға тек ақылы түрде түсе алады.
Руслан Емелбаев, Ұлттық тестілеу орталығының директоры:
– ҰБТ тапсырған талапкерлердің 67 пайызы, нақты айтар болсақ, 103 203 талапкер шекті балды өткен болатын. Бізде шекті балды жинай алмаған талапкерлер бар 50 мыңнан астам. Оларға тамыз айында жоғарғы оқу орнында ақылы бөлімде оқу үшін тамыз ҰБТ-сын тапсыру мүмкіндігі беріледі. Немесе негізгі ҰБТ тапсырған кезде талапкер шекті балды асыра алмаса, бірақ осының алдында қаңтар не наурыз ҰБТ-н тапсырып, сол бойынша шекті балдан асқан болса сол сертификаттары арқылы жоғарғы оқу орынның ақылы бөліміне қатысуға құқығы бар.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов