ҚР Сенаты Каспий теңізін ластанудан қорғау туралы конвенцияны ратификациялады. Құжатты Каспий маңындағы бес мемлекетпен бірге Қазақстан да бірлесе жасағанын айта кету керек. Ратификация елдерге Каспий теңізінің экологиясын сақтау үшін озық технологияларды қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Каспий теңізінің теңіз ортасы мен жағалау маңындағы аудандардың сипаттамалары туралы деректер базасын құру көзделген. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің айтуынша, конвенция негізінде әр тарап ақпаратқа оңай қол жеткізе алады. Сондай-ақ құжат ластану деңгейін бақылауға және ресурстарды ұтымды пайдалануға көмектеседі. Министр заң жобасы Қазақстан үшін теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайтынын айтты. «Бюджеттен қосымша ақша бөлудің қажеті жоқ», – деп толықтырды ол.