Үкімет «Каспий» зауытын кеңейту жобасын аяқтауға 5 млрд теңгеден
астам қаражат бөлді. Бұл таза ауыз су
өндіру көлемін тәулігіне 40 мың текше метрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның бұрынғы өнімділігі бұдан екі есе аз болған. ҚР Премьер-министрі Әлихан
Смайылов тиісті қаулыға қол қойды. Үкімет басшысы Маңғыстау облысының үш ауданы
халқын тіршілік көзімен қамту үшін жобаны іске қосудың маңызы зор екенін атап
өтті. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстары 80% орындалды.