БҰҰ операцияларында Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы күштерін қолдану тәртібі бекітілді. Ел Сенаты бұны нақты айқындайтын заңды мақұлдады. Осы хаттама аясында «үйлестіруші мемлекет» деген ұғым енгізіледі. Бұл мәртебе аталмыш ұйымның кез-келген мүше мемлекетіне берілуі мүмкін. Қауіпсіздік Кеңесінің шешімімен құпталғаны БҰҰ есебінен логистика, контингентті тасымалдау және қаржылық мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасайды. Әр ел бітімгершілік миссияларына қатысу дәрежесі туралы шешімді дербес және ерікті түрде қабылдайды. Сондай-ақ сенат депутаттары ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің мүше елдердің аумағында өзара құқықтық ынтымақтастығы мен бірлескен материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыз ету жағын реттейтін келісімдерді мақұлдады.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті сенатының төрағасы:
-Қаралған заңдар Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының қызметіне
қатысты жекелеген мәселелерді реттеуге бағытталған. Атап айтқанда, Ұйымның
бітімгершілік әлеуетін БҰҰ шеңберінде қолдану мүмкіндігі қарастырылды. Сонымен
қатар заңдар аясында мүше-мемлекеттердің құқықтық көмек көрсету,
материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыз ету саласындағы өзара
іс-қимылдың негіздері мен шарттары анықталады. Жалпы осы заңдар Ұйымның
бейбiтшілік пен тұрақтылықты нығайту жолындағы іс- шараларының тиімділігін
арттыруға он үлесін қосады деп сенеміз.
Айта кетейік, ел әскерилері 30 жылдан бері бітімгершілік операцияларына қатысып келеді. БҰҰ-ның Непал, Батыс Сахара, Кот-д'Ивуар және Ливандағы миссияларына атсалысты. 9 мыңнан астам отандық әскери Тәжік-Ауған және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының сыртқы шекарасын қорғау міндетін атқарды. «ҚазБат» қазақстандық бітімгершілік баталонының инженерлік-саперлік жасағының құрамында 300-ден астам жауынгер Ирактағы миссияны орындады,