Саясаттанушылар қазірдің өзінде Президент белгілеген реформалар қаржылық және өнеркәсіптік топтардың, ірі бизнес пен олигархтардың белгілі бір бөлігіне соққы болды деп санайды. Саясаттанушы, Еуразиялық интеграция институтының директоры Оразғали Сельтеевтің айтуынша, Мәжілісте Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан экономикасының дамуына кедергі келтірген мәселелерді атады.
Оразғали Сельтеев, саясаттанушы, Еуразиялық интеграция институтының директоры:
- Күнделікті әр адамның өміріне қатысты тарифтер әділетсіз өскен сияқты автомобильдер, пәтер, баспана, ЛРТ құрылысы, жеке оператор мәселесі, утильдік алым сынды үлкен тақырыптардың барлығы көпшілікті мазалаған еді. Әрекетке көшетін уақыт жетті. Енді барлық салада түбегейлі өзгерістер басталады. Бұл – елді басқару тәсіліндегі түбегейлі өзгеріс.