Өмір отын іздеп Хан Тәңірі шыңына
шыққан сақ жауынгері. Шытырман оқиғаларды баяндайтын «Алтын Адам» эпикалық
мультфильмі көрерменге жол тартады. Экшн жанрындағы толқыметражды анимациялық
фильм 5-15 жасындағы көрермендерге арналған. Фильмдегі басты кейіпкердің есімі –
Аңқыл. Оның Жұпар және Барыс деген достары бар. Фильм сюжетінінің басты мақсаты
– құнды жәдігер алтын сауытты жас буынға насихаттау. Мультфильмді көрген
балалардың көкейінде «Алтын сауытты қандай адам киді екен?» деген сұрақ
туындайды дейді картинаның режиссері Тұрдыбек Майдан.
Тұрдыбек Майдан, «Алтын адам»
фильмінің режиссері:
-Алтын адам деген сауытты көрген
кезде балалар оның ішінде қандай да бір адам болды, қандай адам киді деген
сұрақ болады балаларда. Сол себепті осыған жауап ретінде біз Алтын адамның оның
ішкі жан дүниесі алтын болу керек деген мақсатта фильмнің сюжеті соған
құрылған.
Жалпы фильмді дайындауға қырық
шақты анимация мамандары тартылды. Мультфильм 2D және кейбір кейіпкерлер 3D форматында
орындалған. Анимациялық картинада Маңғыстаудағы шатқалдар сияқты көрікті жерлер
қолданылған. Фильм қазақ және орыс тілінде ағылшын субтитрлерімен көрсетіледі. Айта кетейік, толықметражды
анимациялық фильм «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» жобасының қорытындысы
бойынша шығарылды
Тілек Төлеуғазы, «Алтын адам»
фильмінің екінші режиссері:
-Мықты аниматорлардың өзі күніне
бір екі секунд салуы мүмкін. Сондықтан анимацияны «Инемен құдық қазғандай» деп
айтсақ болады. Әр кадрды шығаруға күш салып жұмыс жасаймыз.