Сарапшылар Қазақстандағы іскерлік белсенділік артады деп болжайды. Олардың мәліметтері бойынша, экспорт биыл кем дегенде 20% өседі, оның көлемі 56 млрд доллардан асады. Мұнда металл, газ, уран, астық, сондай-ақ мұнай секілді Қазақстанның экспорттық тауарлар бағасы қымбаттауының өз ықпалы бар.
Айта кетейік, соңғы апталарда Brent маркалы «қара алтын» барреліне 70 доллардан жоғары саудаланып жатыр. Ұлттық банктің деректері бойынша, өндіру қарқынының ұлғаюына байланысты баға төмендейтін болады. Қаржылық реттеушінің негізгі жаңа сценарийінде, Brent баррелінің құны 60 доллар деңгейінде көрсетілген. Осы деңгей сақталса, сарапшылар биыл экономиканың шамамен 4% дейін өсімін күтеді және 2022 жылы одан әрі арта беретінін айтады. Бұл ретте Қазақстанға тән төлем балансының тапшылығы екі еседей қысқарады.