Қазақстанда биыл құны 3 трлн теңгеден асатын 16 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл жөнінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу барысында «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов баяндады. Атап айтқанда, Мойынты – Қызылжар, Дарбаза – Мақтаарал жаңа теміржол желілерінің құрылысы, Қашағандағы газ өңдеу зауыты, Алматы екінші жылу электр орталығын жаңғырту және Каспий теңізінің табанына талшықты-оптикалық желі төсеу жобалары қолға алынған. Нұрлан Жақыпов былтыр Қор басқаруындағы активтер 88 млрд долларды құрағанын жеткізді. Мемлекет басшысы басты инвестициялық жобаларды уақтылы іске асыру бойынша бірқатар міндет жүктеді.
Нұрлан Жақыпов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы:
– Бүгін Мемелекет басшысының қабылдауында 5 айлық
көресткіштер бойынша есеп бердім. Бүкіл көрсеткіштер оң динамикасын көрестуде.
Цифрландыру бағыты бойынша биыл жылдың аяғына дейін Қосшы қаласында «Самрұқ
Қазына» тобы кезеңді Data-центрді іске қосатын болады. Бұл Data-центрде NVIDIA
B300 чиптерін пайдалатын боламыз. Яғни, қазіргі суперкомпьютердің қуаттылығын 4
есе артыратын боламыз.

