Сайлау учаскелерінде Exit Poll болады

Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша дауыс беру күні Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі сайлау учаскелерінде экзитпол жүргізіледі. Сауалнаманы қоғам белсенділері алады. Олар азаматтардың 7%-не  дейін қамтуды жоспарлап отыр. Алынған ақпарат нақты уақыт режимінде дауыс берудің аралық нәтижелерін біліп отыруға көмектеседі. Қазіргі таңда респонденттерді таңдау әдістемесі анықталған.

Әлібек Тәжібаев, Әлеуметтік қордың жобалық жетекшісі:

– Біздің ойымызша, сайлауда адам қарасы қөп болады. Бұл тәжірибе әлемнің көптеген елдерінде бар. Сонымен қатар қазақстандық сайлаушылар үшін бұл жаңалық емес екенін айта кеткім келеді.Сондықтан барлық дауыс беру санын сәт сайын қадағалап отыруға бізде мүмкіндік бар. Сондай-ақ, біздің қордың өкілдері Қазақстан Республикасының барлық қалаларында, облыстық, республикалық маңызы бар қалаларда, облыс орталықтарында, тіпті жаңадан құрылған облыстарда да өкілдік етеді деп сеніммен айтуға болады.