Референдумның өтуін тмд елдерінен 144 байқаушы қадағалайды

Референдумның өтуін тмд елдерінен 144 байқаушы қадағалайды

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан 144 байқаушы осы жексенбі, 5 маусымда өтетін референдумда дауыс берудің өтуін қадағалайды. Олар Қазақстан бойынша сайлау учаскелеріне бекітілді. Бұл – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы байқаушыларының еліміздегі 15-ші миссиясы. Осы жолы оның құрамына ТМД Атқарушы комитеті мен Парламентаралық Ассамблеясы, Ресей мен Беларусь парламенттік жиналысы және басқа да бірқатар құрылым өкілдері кірді.

Леонид Анфимов, ТМД байқаушылар миссиясының басшысы:

– Біздің негізгі құрам ұзақ мерзімді бақылаушылар, яғни елшіліктер мен штаб миссиялардың өкілдері. Олар 21 мамырдан жұмысты бастап кетті. Қалғандары қалыптасқан тәжірибе бойынша дауыс беруден 2-3 күн бұрын ғана келеді.