Ғасыр жасаған майдангер

Ғасыр жасаған майдангер

Бүгінде Қазақстанда Ұлы Отан соғысының көзі тірі 114 ардагер бар. Олардың 9-ы Түркістан өңірінде тұрады. Кентау қаласында соғысқа қатысқан жалғыз майдангер қалды. Бадан Төребаев 1944 жылы 18 жасында майданға аттанды. Украина мен Беларусь қалаларын азат етуге қатысып, Жеңісті Берлинде қарсы алған. Елге оралғаннан кейін жауынгер кеніште ұзақ жылдар бойы жемісті жұмыс істеген. Екі ұл, үш қыз тәрбиелеп, өсірді. 16 немере, 42 шөбере, 3 шөпшек сүйді. Бүгінде ғасыр жасаған қарт майдангер бейбіт күннің қадірін білуге шақырады. Қария ендігі ұрпақ осы азаттықты көздің қарашығындай сақтап, ел игілігі жолында еңбек еткенін қалайды.


Айжан Төребаева, Ардагердің келіні:

- Шапандарын жауып жатыр. Рахмет барлықтарына. Мынау ардагерлер үйі бар Кентауда, сол жерден де келіп тұрады кісілер. «Атаның жағдайы қандай? Жақсы ма?» деп келіп тұрады. Ауылда таза ауада өскен ғой, атамыз мықты әлі, жақсы. Шәйін уақытылы ішеді. Айран-сүтін ішеді. Жағдайы жақсы. Қарап отырмыз, балалары-немерелері, аман болсын деп.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?