Бұл жөнінде еліміздің Сауда және интеграция министрлігі хабарлады. Ортақ жобалардың бірі Өзбекстан елінде жұмыс істейді. Сондай-ақ Пәкістан және Тәжікстанда сауда компанияларын құру көзделген. Бірлескен сауда үйлерін ашу алдымен елдер арасында тауар айналымын ұлғайтуға септеседі. Оларға өнімдер тікелей ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінен жеткізіліп, делдалсыз сатылады. Дайын өнімнің тұтынушыға дейін жету тізбегін айтарлықтай қысқарту тауар құнының өсуіне жол бермеудің қамы.