Құрылыс жұмыстары барлығы 59 жоба бойынша жүргізіледі, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі. Бірінші кезекте әлеуметтік-экономикалық маңызды жобалар бойынша жұмыстар жоспарлануда. Атап айтқанда, Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір өткелін салуды жалғастыру, Семей қаласындағы көпірді реконструкциялау жоспарлануда. Батыс өңірлердегі жолдарды жөндеу де басты назарда. Аталған жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде жүзеге асырылмақ. Оған сәйкес, 2025 жылға дейін жергілікті маңызы бар жолдардың нормативтік жағдайдағы үлесін 95% -ға жеткізу көзделіп отыр.