Форум барысында волонтерлік саланың түрлі бағыттары бойынша 11 сессия өтеді. Атап айтқанда, алаңда сөз алушылар әлеуметтік және инклюзивті, білім беру, инновациялық қызметтің барлық салаларын қамтиды. Қатысушылар сонымен қатар волонтерлердің экологиялық проблемаларды шешуге, тіпті Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға қосқан үлесі туралы қаузайды. Сондай-ақ, форум аясында волонтерлік қызметтің қазақстандық тәжірибесінің тұсаукесері өтеді. Сонымен қатар екі күн бойы шеберлік сабақтары мен питчингтер жіне тағы да басқа шаралар ұйымдастырылады.
Ширин Абидова, еріктілер қауымдастығының басшысы, Өзбекстан:
- Бүгінгі форум Қазақстанның бүгінгі таңда еріктілерге барынша қолдау көрсетуге дайын екенін, сонымен қатар шынайы өмірде де оларды кеңінен насихттайтыны көрсетті. Орталық Азиядағы Қазақстанның өз мәртебесі мен мықты көрсеткіштері бар. Бұл өте маңызды және Қазақстан басшылығының елдегі волонтерлік қызметті қалай қолдап, алға жылжытып жатқанын атап өту керек. Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан және Өзбекстан және ортасында бәрімізді біріктіретін жүрек. Тіліміз де, салт-дәстүріміз де, діліміз де, мүддеміз де, проблемаларымыз да ұқсас. Ал біз тұратын жерді ескере отырып, волонтерлікті насихаттау өте маңызды. Бір жағынан, еркін волонтерлік, екінші жағынан, біздің елдеріміздің басшылары ерікті жұмысын дамыту призмасы арқылы біріктірілген жүйелілік.