Республикалық референдумның дайындығына Қазақстанның 400 волонтерлер бірлестігі атсалысады. Шараға 100 мыңнан астам волонтер тартылмақ. Бұл туралы елордадағы арнайы пікірталас алаңында белгілі болды. Сондай-ақ «Біргеміз» республикалық волонтерлар фронт-кеңсесі де референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штаб құрамына енгені атап өтілді. Волонтерлер отандастарымызға еліміздің Негізгі заңына қандай өзгерістер енгізу ұсынылып жатқанын түсіндіретін болады.
Айбек Досымбетов, Birgemiz Республикалық волонтерлер фронт-кеңсесінің үйлестірушісі:
– Бұл өзгерістің барлығы болашақ Қазақстанның нығаюына, дамуына үлкен үлесін қосады. Бұл орайда волонтерлер да бұл тақырыптан тыс қалмайды. Референдумның маңыздылығын, елдің болашағы үшін үлкен саяси қадам екенін түсініп, волонтерлар қолдап жатыр.