Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 8-ші съезін қабылдауға
дайындық қыза түсті. Еске салайық, 17-18 қыркүйекте Қазақстан астанасында төркүл
дүниенің 60 елінен жүзден астам делегат жиналады. Бас қосуда беделді рухани
көшбасшылар жаһандық деңгейдегі экстремизм мен қақтығыстардан бастап
бейбітшілік пен қауіпсіздік сынды адамзат үшін өзекті мәселелерді ортаға салады. Сарапшылардың пікірінше,
жиырма жылдан астам уақыт ішінде бұл форум бірегей халықаралық алаңға айналды.
Съезд аясында жүздеген іс-шаралар өткізіліп, халықаралық ұйымдармен 50-ге жуық
келісімге қол қойылды деп күтілуде. Қазақстан конфессияаралық диалог көзі
іспетті. Бүгінде осы үлгідегі кездесулер Ватикан, Мысыр, Сауд Арабиясында өтіп
жатыр. Біздің ел әрбір жиын қорытынды құжат қабылданатын рухани астана
мәртебесін бекітті. Ал ол өз кезегінде әлемдік діни көшбасшылардың қол
жеткізген ортақ мүддесін танытады.
Болат Сәрсенбаев,
Конфессияаралық және дінаралық диалогты дамыту жөніндегі халықаралық орталықтың
басқарма төрағасының кеңесшісі:
- Осы 20 жылдан астам
уақыт ішінде бұл съезд бірегей жиынға - дінаралық диалогтың жаһандық алаңына
айналды деп сеніммен айта аламын. Қазіргі таңда осыған ұқсас іс-шаралардың әлемнің
әр жерінде өткізілуі оның өзгелерге үлгі болғанын танытады. Оларда көбіне сарапшылар мен дін өкілдері
шақырылады. Ал, бұл жерде атауының өзі айтып
тұрғандай әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары бас қосады. Яғни, жоғары
деңгейдегі келіссөздер өтеді.

