Жыл басынан бері үш мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Тарихи отанына оралғандардың жартысынан көбі Өзбекстаннан келген. Қалғандары Қытай, Ресей, Түрікменстан, Моңғолиядан. Этникалық қазақтар негізінен Алматы, Маңғыстау, Түркістан және Жамбыл облыстарына, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент  қалаларына қоныстанды. Қоныс аударушылардың 20%-тен сәл астамы жоғары білімді. 41%-інде орта кәсіби білімі бар. 35%-тен астамы жалпы орта білімді.

Айта кетейік, жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 110,1 мың этникалық қазақ оралды.