Қазақстан мен Сауд Арабиясының тауар айналымы үш есеге өсті

Қазақстан мен Сауд Арабиясының тауар айналымы үш есеге өсті

Аса маңызды минералдар саласындағы жаңа жобалар мен инвестициялар. Осы мәселелерді жүзеге асыру барысын Қазақстанның Премьер-Министрі Олжас Бектенов Сауд Арабиясының өнеркәсіп және минералдық ресурстар министрі Бандар әл-Хураифпен кездесуде талқылады. Тараптар пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және өңдеу, сондай-ақ қосылған құны жоғары өндірістерді дамыту саласындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударды. Сауд Арабиясы Қазақстанның Таяу Шығыстағы негізгі сауда-экономикалық серіктестері қатарына кіреді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы өзара сауда көлемі 17% артып, шамамен 12 млн долларға жетті. Биыл да алыс-беріс көрсеткіші қарқын алған. 4 айдың өзінде тауар айналымы 3 есеге жуық өскен. Биылғы ақпан айында қол қойылған Қазақстан – Сауд Арабиясы үйлестіру кеңесін құру туралы келісім және инвестицияларды өзара ынталандыру мен қорғау туралы келісім жаңа бірлескен бастамаларды жүзеге асыру үшін қосымша мүмкіндіктер ашады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өнеркәсіп саласында екіжақты өзара іс-қимылды арттыруға дайын екендерін растады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?