Отандық QazVac вакцинасы COVID-ке қарсы жоғары иммунитетті қалыптастырады. Мұны ауқымды клиникалық зерттеулер қуаттап отыр. Оның қорытындысы e-Clinical-Medicine беделді халықаралық медициналық журналында жарияланды. Ғылыми мақала коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаның тиімділігін талдаудың үшінші кезеңіне арналған.
Күнсұлу Закарья, «Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының» бас директоры:
– Халықаралық сарапшылар жүргізген зерттеулердің нәтижелері бойынша өте жоғары сараптамалық рейтингке ие болдық. Бұл – биологиялық қауіпсіздік, биотехнология және медицина саласындағы Қазақстан ғылымының жоғары деңгейдегі көрсеткіші.