120 мың 800-ге жуық қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

120 мың 800-ге жуық қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Өткен тәулікте тағы 621 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 120 799 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 712  COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 136 983.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 16494 (+67)

Алматы қаласы - 16534 (+67)

Шымкент қаласы - 5400 (+2)

Ақмола облысы - 5742 (+60)

Ақтөбе облысы - 3531 (+10)

Алматы облысы - 5934 (+28)

Атырау облысы - 11810 (+29)

Шығыс Қазақстан облысы - 17163 (+100)

Жамбыл облысы - 4532 (+16)

Батыс Қазақстан облысы - 8304 (+43)

Қарағанды облысы - 11268 (+28)

Қостанай облысы - 5880 (+77)

Қызылорда облысы - 3301 (+2)

Маңғыстау облысы - 3455 (+5)

Павлодар облысы - 7108 (+106)

Солтүстік Қазақстан облысы - 7014 (+68)

Түркістан облысы - 3513 (+4)

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 33 жағдайы  тіркелді.

 

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 43 106, 454 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны  30 956 жетті.