Бұл жөнінде еліміздің Сыртқы істер министрілігі мәлімдеді. Халықаралық ұйым Астана тығыз ынтымақтастық жылдарында бітімгершілік жолында өзінің тиімділігін дәлелдегенін және қазақстандық әскери қызметкерлердің жоғары кәсібилігін көрсеткенін ерекше атап өтті. Бұл ретте Алматыдағы бітімгершілік оқу-жаттығу орталығы аясында осы бағыттың әлеуетін арттыру үшін елімізде барлық жағдайлар жасалған делінген хабарламада. Өз кезегінде елдің сыртқы саясат ведомствосы БҰҰ аясында бітімгершілік қызметін одан әрі арттыруға ниетті екенін жеткізді.