Латвия порттары қазақстандық жүктерді қабылдауға дайын. Бұл туралы екіжақты онлайн кездесуде белгілі болды, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі. Қазақстандық экспорттық тауарларды Ресей порттарынан тасымалдау кезінде қиындықтардың туындауына және Антверпен, Гамбург, Пиренеи, Роттердам, Муггадағы транзиттік порттардың жүктерді қабылдаудан бас тартуына байланысты, жүк Латвияның ірі порттарына бағдарланады. Рига, Вентспилс және Лиепая порттары қазақстандық транзитті қабылдауға және оған қызмет көрсетуге келісті. «Біздің порттардың сыйымдылығы мен жүктерді өткізу қабілеті жеткілікті», – деп атап өтті кездесуде Латвия тарапы.