Оның ішінде 15 отандық компания төл өнімдерін экспортқа шығарады. Бүгінгі таңда осы жобалардың жалпы кірісі 30 миллиард теңгеге жеткен. Бұл туралы ғылым қорының технологияларды коммерцияландыру департаментінің директоры Серік Мәжікенов мәлімдеді. Кәсіпорындар химиялық, медициналық, тіпті ядролық физика бағытында өнім шығарады. Грант иегерлерінің денін бизнес өкілдері құрайды. Бұл ретте, гранттық жобалардың барлық қатысушылары үшін биылдан бастап бірлесіп қаржыландырудың жаңа талаптары бекітілгенін айта кеткен жөн.
Серик Мажикенов, «Ғылым қоры» АҚ технологияларды коммерцияландыру департаментінің директоры:
- Осы жылдан бастап грант мөлшері 300-ден 350 млн теңгеге
дейін ұлғайтылды. Сонымен қатар, бірлесіп қаржыландыруға қатысты талаптар өзгертілді. Мәселен, бұған дейін
бірлесіп каржыландыру көлемі барлығы үшін 20% болатын. Енді ғалымдар үшін бұл
меже 10%-ке дейін төмендетілді. Себебі олар қаржы табу емес, жобаны жүзеге
асыру жөнінде көбірек қам жеулері керек. Стартап компаниялардың көптеп құрылуын
ынталандыру мақсатында жаңадан ашылғандардың үлесі 20% аспайды деп белгіленді.
Ал, кәсіпкерлер үшін бірлесіп қаржыландыру көлемі 30% құрайды.
Серік Мәжікеновтың айтуынша, жобалардың 70%-ке жуығы
агроөнеркәсіптік кешеннің үлесіне тиесілі. Сонымен қатар, денсаулық сақтау мен
химиялық өндіріске қатысты жобалар бар. Қай салаға бағытталсада әрбіріне
қойылатын талап бір. Мемлекеттік грантты иемдену үшін арнайы байқаудан мүдірмей
өту керек.
Серик Мажикенов, «Ғылым қоры» АҚ технологияларды
коммерцияландыру департаментінің директоры:
- Конкурстар 2016 жылдан бері жариялана бастады. Қатарынан үш жыл бойы байқау өткізілді. Сынға түскен жобалардың 152-сі іріктеліп, үздік деп танылды. 2022 жылы 72 жеңімпаз анықталды. Олардың 68-мен келісім-шарт жасалды. 2 жоба тоқтатылды. Нәтижесінде қазір 66 бастама сәтті жүзеге асырылып жатыр.
Қордың қаржылай қолдауымен ісін жүзеге асырғандардың қатарында Алматы, Алматы облысы мен Түркістан өңірі көш бастап тұр. Коммерцияландырылған жобалардың басым көпшілігі елдің өндірістік мұқтажын жабуға бағытталған.