Президент Ұлытау облысын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарын мақұлдады. Бұл туралы Президенттің облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлымен кездесуінде белгілі болды. Ұлытау өңірінің экономикасын әртараптандыруға бағытталған маңызды құжат 240-тан астам іс-шараны қамтиды. Аймақта келесі жылы жалға және несиеге берілетін 132,8 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы жоспарланып отыр. Сондай-ақ «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясында 11 орта мектеп пен 8 балабақша салу көзделген. Халықты сапалы медициналық қызмет қамту қамында аудан орталықтары мен ауылдарда 26 медицина мекемесі ашылады.
Берік Әбдіғалиұлы, Ұлытау облысының әкімі:
– Ең бастысы енді, әрине, ол өзекті мәселелер ол жол. Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды. Болашақта Ұлытау-Арқалық жолының маңыздылығы туралы. Ауыз су тартылып жатқаны туралы. Үкіметпен бірігіп жұмыс атқарылып жатқаны туралы ақпарат бердік. Және кешенді жобада Жезқазған қаласында перзентхана ашу жұмыстары жүргізіліп, Ұлытау ауданында аурухана соғылуы жоспарланып отыр.