Еліміздің Абай облысынан ерте қола дәуіріне тиесілі ескерткіштер табылды. 3,5 мың жыл бұрынғы қорымдарды, сондай-ақ тұрмыстық заттар мен тастағы жазуларды Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары анықтаған. Археологтардың айтуынша, жылқыны қоса жерлеу дәстүрі сол заманда да болған. Қорымға «Орда ескерткіші» деген атау берілді. Мұнда шамамен 200-ге тарта ескерткіш бар. «Болашақта жол жиегінде аспан асты музейін ашуға болады», - дейді археологтар.
Ұлан Үмітқалиев, археолог:
– Бұл ескерткіштердің бір ғажабы, бұл жерде ерте қола дәуірінің жерлеу ескерткіштері, қоныстары, тастағы петроглифтердің барлығын тауып тізімге алып, төлқұжаттарын жасаудамыз. Болашақта бұл ескерткішті зерттейтін болса, осыдан 35 ғасыр бұрынғы тарихи жәдігерлер ашылады деп ойлаймын.