Қазақстанда туризмді дамыту бойынша халықаралық форумға 30 елдің делегаттары келді

Қазақстанда туризмді дамыту бойынша халықаралық форумға 30 елдің делегаттары келді

Қазақстан халықаралық туристік нарықта бәсекеге түсе алатын бірегей турларды ұсына алады. Мәселен, Ұлы Жібек жолы мен Каспий теңізі бойынша кешенді саяхаттар, Байқоңыр мен Бурабай, сондай-ақ Алматыдағы «4 маусым» турлары туристердің арасында қызығушылық тудырады. Бұл туралы Ақтауда саланы дамытуға арналған халықаралық форумда айтылды. Бүгінде мемлекет туризмді дамытуға үлкен мән беруде. Өткен жылы тау шаңғысы курорттарына көмек көрсетілсе, енді билік агротуризмді дамытуды қолға алған. Бүгінгі таңда Қазақстанның шетелдегі имиджін көтеру бойынша елдің туристік бренді әзірленбек.

 

Ермек Маржықпаев, ҚР Туризм және спорт министрі;

-Өткен жылы инвестиция көлеміміз шамамен 350 миллиард теңгені құраса, бүгінде біз +75 миллиард теңгеге өсіп отырмыз. Биыл бұл салаға инвестиция көлемін 800 миллиард теңгеге жеткізу міндеті тұр. Бұл – үкіметтің алдымызға қойған тапсырмасы. Ал біз сіздермен бірге осы ұстанымға жетуіміз керек.

 

Жалпы соңғы 3 жылда салаға 4 млрд доллар көлемінде инвестиция тартылып, 400-ден астам туристік нысан салынды. Ал биыл осы бағытта 115 жобаны іске асыру жоспарланған. Саланы мемлекеттік қолдау мен ынталандыру шаралары отандық өнімнің тартымдылығын арттыра түсті, - дейді сарапшылар. Осының арқасында алғашқы жартыжылдықта ішкі туристер ағыны 3 млн, ал сыртқы саяхатшылар саны жарты млн адамнан асқан. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға бір жарым миллионға жуық шетелдік турист келеді деп болжануда.