Астанада
ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі еңбеккерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында бірінші
мамандандырылған Форум өтті. Ол
республиканың 2 мыңнан аса қатысушысының басын қосты. Қасым-Жомарт
Тоқаев саланың дамуының әлеуетіне
тоқталды. Қазақстанда тың игеріле бастаған 70 жыл
ішінде аграрлық сала айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Қазір еліміз егістік
жерлер мен жайылымдар көлемі бойынша әлемде алтыншы орында, бидайды
экспорттаушы ірі мемлекеттердің ондығына кіреді, сонымен қатар шетелге
ұн жеткізу бойынша көш басындағы елдің бірі. Жаһандық азық-түлік
қауіпсіздігі индексінде ТМД елдері ішінде көш бастап тұр. Бірақ мұнымен
шектеліп қалуға болмайды, - деп атап өтті Президент. Сондай-ақ, жаңа
міндеттер спектрін айқындап берді. Агроөнеркәсіп кешені
экономикадағы басты қозғаушы күштің біріне айналуға тиіс. Сондықтан қаржыландыру
қолжетімді болуы керек. Салада
индустрияландыру, цифрландыру, жаңа технологиялар мен ғылыми жетістіктер
қолданылады. Соңғылары, жылқы шаруашылығын дамыту үшін пайдаланылады. Ол үшін
зерттеу институты ашылады. Ал елімізде сала қызметкерлерінің еңбегін бағалайтын
жаңа «Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері» атағы
тағайындалады. Президент мемлекет пен агробизнес арасындағы жетістіктерді
саралау үшін енді жыл сайын форум өткізілетінін атап өтті. Президент, сондай-ақ
ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің көрмесін барып, отандық компаниялардың
терең өңдеу өнімдері, заманауи агротехнологиялары, өсімдік және мал шаруашылығы
саласындағы жетістіктерімен танысты.
Әсел Күшенғалиева

