Қазақстанның 50 астам компаниясы БҰҰ жаһандық шартына қосылды

Бүгінде 50-ден астам қазақстандық компания БҰҰ-ның Жаһандық шартына мүше. Олардың жалпы құны 70 млрд долларды құрайды. Бұндай деректермен БҰҰ Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі отандық бизнес қауымдастықпен кездесу барысында бөлісті. Микаэла Фриберг-Сторидің айтуынша, жергілікті кәсіпкерлер тұрақты дамуға қол жеткізудің маңызын жақсы түсінеді. Бұл ретте белсенділік жақсы дейді.  Қазақстандық компаниялардың дені халықаралық ұйымның шартына соңғы бір жыл ішінде қосылған. Оған мүше болу оларға өз  стратегияларын, адам құқықтары мен еңбек қатынастары, қоршаған ортаны қорғау сынды 10 негізгі қағидатқа сәйкестендіру арқылы бизнесін жүргізуге көмектеседі.  Айта кетейік, бүгінгі таңда Жаһандық шарт 165-тен астам елден 21 мыңнан көп бизнес-құрылымды біріктіреді.

Микаэла Фриберг-Стори,  БҰҰ Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі:
-
Бұл компаниялардың көбі біздің оқу бағдарламалары мен тренингтерден өтті. Олар тұрақты дамуға барынша тез қолжеткізуді үйренді. Бұл логистика банктік сектор немесе тұтынушылық тауар өндіруге қатысты түрлі салаларда жұмыс істейтін бизнес. Біз  тұрақты дамуға жол көрсеттік. Олар өздерінің өндірістік үрдісі мен сатып алударын жақсарту, алдағы уақытта тұрақты дамуға жетуге қатысты қажетті барлық шешімдерді өздігінен қабылдайды. Мәселен,  компаниялар жұмыс орнында адам құқығын қорғау және еңбек етуге қолайлы  жағдайды қалай қамтамасыз ете аламын деп ойлануы керек.

Жұмабек Жанықұлов, кәсіпкер:
-
Бизнестің үлесі деген жаңа технологияны әкеліп қолдануы керек. Экологиялық нормаларға сай келетін технологиялар ендіру керек. Сонымен қата жаңа жұмыс орындарын ашқан кезде немесе бар жұмыс орнында қауіпсіздік нормаларын енгізу керек деген сияқты сондай  тараптардың барлығын біз бүгін талқылаймыз. Соны қазақстанда үкімет болып, бизнес болып, қоғам болып қайлай бірлесіп жұмыс жасау керек соны талқылаймыз.