Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2022 жылдан бері мемлекетке жалпы
сомасы 1 трлн теңгеден астам заңсыз активтерді қайтарды. Оның жартысына жуығы
былтырдың еншісінде. Бұл туралы Президентке Асхат Жұмағали баяндады. Антикор қызметі мемлекеттік
сатып алу мониторингі нәтижесінде 87 млрд-тан астам теңгенің тиімсіз жұмсалуына
жол бермеді. Агенттік маңызды инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалардың
құрылысын бақылау жұмыстарын жалғастыруда. Әзербайжан, Ресей, Гонконг,
Иордания,
Катармен меморандумдарға қол қойылды. Экономикалық ынтымақтастық және
даму ұйымы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттер тобының
ұсынымдарын іске асыру бойынша жұмыс жалғасуда. Оның аясында озық халықаралық
тәжірибені енгізуді көздейтін 2 заң жобасы Мәжілістің қарауына ұсынылды.
Авторы: Әсел Күшенғалиева

