Қазақстан Президенті Нью-Йоркте бірқатар кездесу өткізді

Қазақстан Президенті Нью-Йоркте бірқатар кездесу өткізді

Қазақстан Президентінің Нью-Йоркке жұмыс сапарының алғашқы күні кездесулерге толы болды. Мемлекет басшысы ірі компания басшыларымен жүздесті. Олардың бірі Cameco трансұлттық корпорациясы. «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының серіктесі экономикамызға 500 млн доллардан астам инвестиция құйған әрі технологиялар трансфертіне ықпал еткен. Республика аталған компанияның инновациялық тәсілдеріне қызығушылық танытады. Қасым-Жомарт Тоқаев Sachs Global Institute компаниясының жаһандық мәселелер бойынша президентімен цифрлық саладағы және жасанды интеллектті дамытууға қатысты ынтымақтастық аясын кеңейту мәселелерін  талқылады. Америкалық жетекші инвестициялық банктің цифрлық қаржылық платформаны енгізуде мол тәжірибесі бар. Ал, ETS компаниясының басшысымен кездесуде тестілеу және білімді бағалау, сондай-ақ жасанды интеллектіні енгізу саласындағы әріптестік мәселелері көтерілді. А.Севак Қазақстамен ынтымақтастыққа дайын екенін жеткізді Ұйым жылына  әлемнің 180 елінде 50 млн астам тест әзірлейді. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Смитсон институтының өкілдерімен мәдени іс-қимыл мен АҚШ-та қазақ мәдениетін танымал етуді дамыту әлеуетін талқылады. Айта кетейік, қазақстандық ғалымдар келесі жылдан бастап оның құрылымдарында тағылымдамадан өте алады.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

- Educational Testing Service - 80 жылдық тарихы бар ең ірі тест жасайтын және тестологияны зерттейтін ғылыми орталық. Қазірге танда біздің ҰБТ сапасын күрт өзгерту, мазмұнын толыққанды қарастыру осы ең ірі, ең атақты тестология ғылыми орталығымен жұмыс атқарылатын болады. Келесі айда үлкен зерттеушілер делегациясы Қазақстанға келетін болады. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?