Президент республикалық референдумда дауыс берді

Президент республикалық референдумда дауыс берді

Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС құрылысына қатысты республикалық референдумда дауыс берді. Мемлекет басшысы өз таңдауын жасағаннан кейін брифинг өткізді. Президент, ең алдымен, референдум туралы пікір білдіріп, одан қандай нәтиже күтетінін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Бүгін – тарихи күн. Халқымыз АЭС салу мәселесіне қатысты дауыс беріп жатыр. Референдум – тікелей демократияның өте тиімді тетігі. Халқымыз қандай шешім қабылдаса, мемлекетіміздің түпкі байламы да солай болады. Нәтиже оң болады деп ойлаймын. Шын мәнінде, бұл – тағдыршешті оқиға. Сондықтан мен референдумды қолдаймын.

Одан кейін Президент «Референдум қорытындысы бойынша халқымыз АЭС салуды қолдаса, оның құрылысын қай ел жүргізеді?» деген сұраққа жауап берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Бұл оңай мәселе емес. Үкімет талдау жасап, тиісті келіссөздер жүргізуге тиіс. Менің пікірімше, Қазақстанда ең озық технологиялары бар әлемдік компаниялардан құралған халықаралық консорциум жұмыс істеуі қажет. Қалғанын уақыт көрсетеді

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?