Президент Оман Сұлтанына құттықтау жеделхатын жолдады

Президент Оман Сұлтанына құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің және Қазақстан халқының атынан Хайсам бен Тариқ Әл Саид пен оның отандастарын Оман сұлтандығының төл мерекесі – Ұлттық күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы жеделхатында Оман Қазақстанның араб әлеміндегі сенімді серіктесі саналатынын айтты. Сонымен қатар, екіжақты қарым-қатынас қос халықтың игілігі үшін дами беретініне сенім білдірді.