Қазақстанда биыл алғашқы жартыжылдықта 5,8 трлн теңгені құрайтын 13 ірі
мемлекеттік аудит жүргізілді. Нәтижесінде мемлекет бюджетіне 128 млрд теңге
қайтарылған. Бұл жөнінде Қазақстан Президентіне Жоғары аудиторлық палата
төрағасы баяндады. Әлихан Смайыловтың дерегінше, биыл екінші жартыжылдықта тағы
20 мемлекеттік аудитті аяқтау жоспарланған. Оның 4-уі Мемлекет басшысының
тікелей тапсырмасы бойынша қолға алынған. Сондай-ақ, жаңа Құрылтаймен өзара
іс-қимыл аясында 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы
бағаланатын болады. Қасым-Жомарт Тоқаев заманауи цифрлық шешімдер мен жасанды
интеллект технологияларын енгізуге басымдық бере отырып, мемлекеттік аудит
жүйесін жетілдіру жөнінде бірқатар тапсырма жүктеді.

