Қазақстанда Alem.AI халықаралық жасанды интеллектіні дамыту орталығы
ашылады. Мақсаты - елімізде жасанды зейін саласын жедел жетілдіріп, ғылыми
зерттеулерді қолдау. Инновациялық өнімдерді өндіріс жолына қою және салаға
инвестиция әкелу. Сәулеті мен мазмұны жағынан бірегей орталық - EXPO
аумағындағы 8 қабатты шар ғимаратында
орналасады. Оның әр қабаты жасанды интеллектінің өмірлік циклінің бір сатысын
қамтиды. Мұнда жылына мың адамды оқыту көзделген. Оқу ұзақтығы 18 ай. Студенттер
50-ден астам жоба жасап, 20-дан астам бағдарламалау тілін меңгеріп шығады.

