Қазақстанда тау кен өндірісі бойынша 118 лицензияның қызметі тоқтатылып, 57 келісімшарт үзілген. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі кен орындарының тексеру қорытындылары мен министрліктің атқарған жұмыстары туралы баяндады. Президент еліміздің күре жолдары құрылысына қатысты мәселе айрықша бақылауда болатынын еске салды. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев көршілес мемлекеттермен экономикалық ынтымақтастықты дамыту қажет екеніне назар аударып, министрге бірқатар нақты тапсырма берді.