Алматыда мектептердің жанынан
этнолагерьлер жұмысын бастады. Онда бастауыш сынып оқушылары бірнеше жылдан
бері жазғы демалыстарын өткізеді. Балалар мұнда қазақ халқының ежелгі тұрмыс
салты және дәстүр-мәдениетімен жақын танысады. Осы бағытта арнайы бағдарлама
әзірленген. Жеткіншектер ұлттық киім тігуге дағдыланып, ою-өрнек жасайды. Дәстүрлі
тағамдарды әзірлеуге машықтанады. Оқушылар тіпті ұлттық аспап - домбыра тартуды
да үйренеді. Асық ату сияқты дәстүрлі спорттық ойындар да бағдарламаға еніп
отыр.
Сандуғаш Салмекеева, Алматы қаласының тұрғыны:
- Жылда болатын «Қазына» этнолагері
ата-аналарды ерекше қуантады. Себебі біріншіден балалар пайдасы мен зияны қатар
жүретін гаджеттерден демалады. Екіншіден өзіміздің салт дәстүрімізді, көптеген
ұлттық дүниелерімізді насихаттайды. Біздің отбасына қатты ұнайды. Ата-аналар
үшін бұл керемет көмек.

