2022 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 3%-тен кем болмайды, ал 2023 жылы 4%-ке жетеді. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен кеңесте таныстырды. Үкіметтің дерегіне сәйкес, экономиканың номиналды өсімі 103,6 трлн теңгеден 120,7 трлн теңгеге жетеді деп болжанып отыр. Сонымен қатар, күн тәртібінде 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы ұсынылды.