Қазақстан 25 млрд доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тартуға ниетті

Қазақстан 25 млрд доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тартуға ниетті

Қазақстан «Инвестицияға тапсырыс» қалыптастыратын проактивті модельге көшеді. Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа инвестициялық циклді іске қосу бойынша кеңес өткізді. Былтыр еліміздің негізгі капиталына құйылған инвестиция 23 трлн теңгеге жуықтаған. Биыл бұл көрсеткіш 31 жарым трлн теңге, ал тікелей шетелдік инвестиция – 25 жарым млрд доллар деңгейінде жоспарланды. Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу ісі цифрландырылып, әрбір бастамаға «онлайн» мониторинг жасалады. Бүгінде Ұлттық цифрлық инвестициялық платформада жүзеге асыру сатысында жалпыұлттық пулдың құны 74 жарым трлн теңге болатын мыңнан астам жобасы тіркелген. Өткен жылы 273 жоба іске асты. Германия, АҚШ, Қытай, Қатар, Ресей, Түркия және Малайзияда «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы өкілдігін ашты. Жалпы ел экономикасына тартылатын инвестиция көлемін 3 есе ұлғайту көзделген.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?