Беларусь ШЫҰ-ға мүше елдер қатарына қосылды

Астанадағы ШЫҰ-ның саммитінде Беларусь ресми түрде ұйым мүшесі болып қабылданды. Осыған орай, Қасым-Жомарт Тоқаев, әріптесі Александр Лукашенконы құттықтады. Ол Беларусьтің аз уақыт ішінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болуға қажет рәсімдерді аяқтағанын атап өтті. Осылайша, Астанадағы саммит «Шанхай ондығы» форматында жұмысын бастады. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Александр Лукашенко ресми Минсктің ШЫҰ бастамаларына қызығушылық танытатынын және ел сатылы түрде мүшелікке ұмтылғанын мәлімдеген. Сарапшылардың пікірінше, ұйым құрамының кеңеюі мен алпауыт мемлекет басшыларының кездесуі – бұрын-соңды болмаған құбылыс және Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін нығайта түседі.