«Ақорда» резиденциясында жеті мемлекет - Беларусь, Таиланд, Молдова, Мьянма, Кения, Албания, Италияның төтенше және өкілетті елшілері Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын табыстады. Қасым-Жомарт Тоқаев дипломаттарды Қазақстандағы миссияларының басталуымен құттықтап, еліміз олардың қызметіне жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді. Қазақстанның бейбіт әрі көпвекторлы сыртқы саясат ұстанатынын айтты. Президенттің айтуынша, халықаралық қатынастарда диалог пен ықпалдастық қағидаттары басшылыққа алынуы тиіс және БҰҰ Жарғысын қатаң сақтау айрықша маңызды.
Штефан Горда, Молдова республикасының Қазақстан республикасындағы елшісі:
- Біздің елдер арасындағы қарым-қатынасымыз стратегиялық серіктестік бағытында дамып келеді. Халықаралық аренадағы байланысымыз да өте жақсы. Астананың керемет қала екеніне ерекше тоқталығым келеді.
Антонелло де Риу, Италия республикасының Қазақстан республикасындағы елшісі:
- Италияның Қазақстан Республикасындағы елшісі қызметіне кірісуім мен үшін биік мәртебе және үлкен жауапкершілік. Географиялық алшақтыққа қарамастан Қазақстанды Италиямен тығыз мәдени байланыс біріктіреді. Екі ел бір-бірінен алыс орналасқан. Бірақ, экономикалық және әлеуметтік бағытта үйлесімді, тығыз қарым-қатынаста.

